Logo
Preparation Process

Саммитті өткізуге оның мазмұндық күн тәртібін қалыптастыруға және серіктестер желісін кеңейтуге бағытталған екі жылдық дайындық үрдісі негіз болды.

Тек 2025 жылдың өзінде негізгі экологиялық алаңдарда 11 ірі өңірлік және халықаралық консультация өткізілді. Олардың қатарында - Германияның Бонн қаласында өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Ғылыми-техникалық консультациялар жөніндегі көмекші органының және Іске асыру жөніндегі көмекші органының 62-сессиясы (SB 62), АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы, Бразилияның Белен қаласында өткен СОР30, сондай-ақ Кенияның Найроби қаласында өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі ассамблеясының 7-сессиясы (ЮНЕА-7).

Алматы, Қазақстан, 2025 жылғы 13 наурыз
Бірінші өңірлік консультациялық кездесу
ӨЭС 2026-ға дайындық жөніндегі бірінші өңірлік консультация Орталық Азияның барлық елдерінің өкілдері, БҰҰ агенттіктері және халықаралық қаржы институттарының қатысуымен өткізілді. Консультация барысында ӨЭС 2026 өткізу бастамасының негіздемесі ұсынылып, дайындық жұмыстарының басталуы жарияланды. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің делегаттарымен өңірдің негізгі қажеттіліктері мен ортақ климаттық сын-қатерлері талқыланды.
Сілтеме
Бірінші өңірлік консультациялық кездесу
Бірінші өңірлік консультациялық кездесу
Бірінші өңірлік консультациялық кездесу
Бірінші өңірлік консультациялық кездесу